MemberLogin

Sign Up

Regist lyrics Regist sync lyrics

UAIM

CASS
Album UAIMLyrics КАСЕН КАСЫМ ЕРБОЛҰЛЫComposition КАСЕН КАСЫМ ЕРБОЛҰЛЫ
Listen to artist
Уайымнан уайым.
Тәңірдің алдында азайып барады ұпайым.
Соңғы кездері мен түнімен ұйықтай алмаймын.
Қаншама ойлар — ақымақ басымда:
“Істеп ал жасыңда!” — дейді әкем,
Ол да өмір көрген, мен жүрген жерлермен
Кезінде жүріп өткен.
Өмір — жалған. Өмір — өткелі кезең.
Кімнің кім екенін көрсетеді уақыт ертең.
Жаратушы таратты бәріне тең:
Шалға да үш рет көмекке қайық келген.
Жеңбейсің ешкімді айыппенен.
Ешкімге қарама — өзіңе сен.
Тояды қарның тіленбей,
Ерінбей еңбек етсең.
Абайла —
Мойныңда жалмауыз парақор аға, тәтең…
Ақысыз еңбек. Жастардың кейбірі —
Намысы теңгеммен тең.
Абырой — орнымен ауысты хайппенен.
Әлі де ертеңім келеді деп сенем.
Арманым тұншығып барады кеңседе —
Бір мақсат, мың себеп…
Бізде уақыт жоқ мүлдем,
Тойдырмайды ертең.
Кешегі күн — естелік.
Күннен күнге жағдайың күрделі —
Жастайыңнан үлгеріп қал емделіп.
Бізде уақыт жоқ мүлдем,
Тойдырмайды ертең.
Кешегі күн — естелік.
Күннен күнге жағдайың күрделі —
Жастайыңнан үлгеріп қал емделіп.
Бастысы — адал еңбек.
Жемісін көреміз кейінірек, бауырым.
Ешкімнен күтпе көмек —
Біреулер келеді, кетеді.
Сөз емес, тек әрекет!
Білекті — бірді,
Білімді — мыңды жеңед.
Маған да, саған да
Бір күн кезек келеді.
Кейде мен адасам, өзімді іздеп.
Барыма қанағат — қолымда барына.
Тек қана Тәңірім берді себеп:
Төбемде — шаңырақ,
Жақыным — жаныңда.
Жақыным маған сенед,
Қалайша отым сөнед?..
Әлі де ертеңім келеді деп сенем
арманым тұншығып барады кеңседе.
Бір мақсат мың себеп
Бізде уақыт жоқ мүлдем,
Тойдырмайды ертең.
Кешегі күн — естелік.
Күннен күнге жағдайың күрделі —
Жастайыңнан үлгеріп қал емделіп.
Бізде уақыт жоқ мүлдем,
Тойдырмайды ертең.
Кешегі күн — естелік.
Күннен күнге жағдайың күрделі —
Жастайыңнан үлгеріп қал емделіп.

Comment List

No comments available.